RU | KZ

Кіріспе бөлімі
"VM Premium Almaty" ЖШС, сондай‑ақ оның еншілес ұйымдары (бұдан әрі – "VM Premium Almaty" ЖШС, немесе Біз) Сіздің жеке өмірге қол сұқпаушылық құқығыңызды үлкен құрметпен қабылдайды және Сіздің Жеке деректеріңізді қорғауға қатысты міндеттемелерді толық жауапкершілікпен өз мойнына алады. Біз Сізге жеке деректеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық заңды құралдар мен шараларды қабылдайтынымызға кепілдік береміз және оларды осы Құпиялылық саясатына (бұдан әрі – Саясат) сәйкес көзделген мақсаттарда пайдаланатынымызды мәлімдейміз.

Сіз туралы ақпаратты жинау және пайдалану үдерісі делдалдарды пайдаланбай мүмкіндігінше ашық түрде ұйымдастырылуы керек екеніне сенімдіміз. Осы Саясат Біз Жеке деректерді (осы Саясатта берілген анықтамаға сәйкес) қалай жинайтынымызды, пайдаланатынымызды және беретінімізді нақты түсіндіреді.

Осы Саясат Пайдаланушы келісімінің (бұдан әрі — «Келісім»), https://changan-auto.kz, интернет желісіндегі мекенжайда орналастырылған және/немесе қолжетімді, сондай‑ақ Сізбен жасалған өзге де шарттардың (оның ішінде өтінімдер, тапсырыс-өкімдемелер, келісімдер және соған ұқсас құжаттардың) немесе болашақта Сізбен жасалуы мүмкін шарттардың ажырамас бөлігі болып табылатынын есте сақтау маңызды..

Осы сайттың, сондай‑ақ "VM Premium Almaty" ЖШС компаниясының өзге де сайттарының қызметтерін пайдалану арқылы Сіз осы Саясатпен келісетініңізді білдіресіз және өз еркіңізбен әрі өз мүддеңіз үшін Жеке ақпаратты өңдеудің келесі тәсілдеріне жазбаша келісім бересіз: жинау, жазу, жүйелеу, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), алу, пайдалану, беру (тарату, ұсыну, қолжетімді ету), иесіздендіру, бұғаттау, кетіру, жою әрекеттерін осы Саясатта белгіленген мақсаттарда автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе оларды пайдаланбай жүзеге асыру. Құпиялылық саясатының шарттарымен келіспеген жағдайда, "VM Premium Almaty" ЖШС сайттарын пайдалануды тоқтатуыңыз қажет.

1. Терминдер мен анықтамалар

Сізге түсінікті болу үшін — біз қандай, не үшін және қандай Жеке ақпаратты жинайтынымызды, пайдаланатынымызды және сақтайтынымызды, сондай‑ақ Саясатта қолданылатын кейбір терминдердің мәнін түсіндіру мақсатында, оларды төменде келтірілген бөлек кестеге жинақтадық.

2. Жеке ақпаратты жинау мақсаттары

2.1. Жеке деректер осы мақсаттарда жиналады және пайдаланылады:

  • Сайтты пайдалану кезінде, сондай‑ақ мәмілелерді, өтінімдерді және тапсырыс‑өкімдемелерді жасасу мақсатында Пайдаланушыны сәйкестендіру;
  • Сіздің алдыңызда біздің шарттық міндеттемелерімізді орындау;
  • Пайдаланушыға Сайттың ресурстарына (қызметтеріне) қолжетімділікті қамтамасыз ету;
  • Пайдаланушымен кері байланыс орнату, оның ішінде телефон арқылы хабарласу, хабарламалар жіберу (соның ішінде, бірақ олармен шектелмей, SMS, WhatsApp, Telegram және басқа да тәсілдер арқылы), Сайтты пайдалану мен қызметтер көрсетуге қатысты сұраулар жолдау, Пайдаланушыдан келіп түскен өтініштер мен сұраныстарды өңдеу, сондай‑ақ "VM Premium Almaty" ЖШС -ның науқандары мен өзге де қызметтері туралы жарнамалық ақпарат жіберу.
  • Қауіпсіздікті қамтамасыз ету, алаяқтықтың алдын алу үшін Пайдаланушының орналасқан жерін анықтау;
  • Пайдаланушы ұсынған жеке деректердің дұрыстығы мен толықтығын растау;
  • Сайтты пайдалануға байланысты мәселелер туындаған кезде Пайдаланушыға нәтижелі клиенттік және техникалық қолдау көрсету;
  • "VM Premium Almaty" ЖШС атынан немесе "VM Premium Almaty" ЖШС серіктестері атынан Пайдаланушыға қызметтердің жаңартулары, арнайы ұсыныстар, бағалар туралы ақпарат, жаңалықтарды тарату және өзге де мәліметтерді ұсыну. "VM Premium Almaty" ЖШС ‑ның жарнамалық қызметін жүзеге асыру, оның ішінде үшінші тұлғаларды тарту арқылы;
  • Пайдаланушыға "VM Premium Almaty" ЖШС серіктестерінің сайттары мен сервистеріне өнімдерді, жаңартуларды және қызметтерді алу мақсатында қолжетімділік беру.
  • Біз жүзеге асыратын тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің және орындалатын жұмыстардың сапасын арттыру, жаңа сервистерді әзірлеу;
  • Иесіздендірілген деректер негізінде статистикалық және өзге де зерттеулер жүргізу;
  • Біздің қызмет түрлерімізді жүзеге асыру мақсатында, соның ішінде компанияларымыздың қызметін талдау және оларды басқару, маркетингтік зерттеулер жүргізу, аудит, жаңа өнімдерді әзірлеу, жұмысымызды жетілдіру, тауарларымыз бен қызметтерімізді/жұмыстарымызды жақсарту, пайдалану үрдістерін анықтау, жарнамалық науқандарымыздың тиімділігін бағалау, сондай‑ақ Пайдаланушылардың қанағаттану деңгейін бағалау және оларға қолдау көрсету үшін.

3. Жеке деректердің тізімі

3.1. Біз келесі ақпаратты жинаймыз:

  • Сіз кірген кезде Сайттың бағдарламалық жасақтамасы автоматты түрде жинайтын техникалық ақпарат;
  • Тиісті нысанды толтыру кезінде сіз ұсынатын жеке ақпарат немесе "VM Premium Almaty" ЖШС Пайдаланушымен тікелей байланыс кезінде немесе әлеуметтік желілерді Пайдаланушы пайдаланған кезде алатын ақпарат;
  • Басқа ақпаратты Сіз өз қалауыңыз бойынша бересіз.

3.2. Техникалық ақпарат.
Сіз сайтқа кірген кезде Сайт әкімшілігіне стандартты серверді тіркеу журналдарынан (server logs) ақпарат автоматты түрде қолжетімді болады, атап айтқанда:

  • Компьютердің IP-мекен-жайы (немесе Интернетке кіру үшін пайдаланылса, прокси-сервер);
  • Интернет-провайдердің аты;
  • Домен атауы;
  • браузер және операциялық жүйе түрі;
  • Сіз Сайтқа өткен әлеуметтік желідегі сайт/парақша туралы ақпарат;
  • Сіз кіретін Сайттың беттері туралы ақпарат;
  • Бұл кірулердің күні мен уақыты, файлдар.

3.3. Аталған ақпарат Сайтқа кіруді талдау мақсатында біздің тараптан жиынтық (иесіздендірілген) түрде өңделеді және оны жетілдіру мен дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу кезінде пайдаланылады. Сіздің IP-мекенжайыңыз бен жеке деректеріңіз арасындағы байланыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға ешқашан ашылмайды.

3.4. Жеке ақпарат.

Біз жеке ақпаратқа мыналарды жатқызамыз:

  • Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
  • Туған күні мен туған жері;
  • Жынысы;
  • Ұлты;
  • Жеке сәйкестендіру нөмірі;
  • Байланыс деректері: тұрақты тіркеу орнының мекенжайы, уақытша тіркеу орнының мекенжайы, байланыс телефон нөмірлері, электрондық пошта мекенжайы;
  • Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері: құжаттың атауы, құжаттың нөмірі, құжаттың берілген күні, құжаттың қолданылу мерзімі, құжатты берген орган;
  • Портреттік сурет (фотосурет).

3.5. Шарттар жасасу мақсатында Пайдаланушы өзі туралы немесе өзі әрекет ететін ұйым және оның өкілдері туралы келесі жеке деректерді де ұсына алады: аты, әкесінің аты, тегі, лауазымы, телефон нөмірі; қосымша түрде ұйымның атауы, БСН, банк шотының нөмірі, әділет органдарындағы тіркеу нөмірі, тіркеу мекенжайы және пошталық мекенжайы, корпоративтік телефон нөмірі, қызмет көрсететін банктің атауы, оның БСК-ы және корреспонденттік шоты ұсынылуы мүмкін. Ұйым туралы көрсетілген мәліметтер жеке деректерге жатпайды.

3.6. Егер жеке тұлға жеке кәсіпкер ретінде немесе оның мүддесі үшін әрекет етсе, сондай‑ақ осындай жеке кәсіпкердің қалауы бойынша немесе оның тікелей жазбаша келісімімен қосымша түрде мынадай деректер ұсынылуы мүмкін: жеке кәсіпкердің тегі мен аты‑жөнінің бірінші әріптері, ЖСН, хат алмасу үшін мекенжайы, телефон нөмірі, банк шотының нөмірі, қызмет көрсететін банктің атауы, оның БСК-ы және корреспонденттік шоты.

4. Тараптардың міндеттемелері

4.1. Пайдаланушының міндеттері:

  • бізбен мәміле (шарт, өтінім, тапсырыс-өкімдеме және өзге де түрде) жасасу мақсатында қажетті жеке деректер туралы ақпарат беру;
  • қысқа мерзімде (күнтізбелік 10 күннен кешіктірмей) осы ақпарат өзгерген жағдайда ұсынылған жеке деректер туралы ақпаратты жаңарту, толықтыру. Пайдаланушы жеке деректеріндегі өзгерістер туралы хабарламаған немесе уақытында хабарламаған жағдайда, "VM Premium Almaty" ЖШС мұндай хабарламаудың немесе кешіктіріп хабарлаудың салдарынан туындаған кез келген жағымсыз салдарлар үшін жауапкершіліктен босатылады.

4.2. Біздің міндеттеріміз:

  • Алынған Жеке ақпаратты тек осы Саясатта көрсетілген мақсаттарда ғана пайдалану;
  • Пайдаланушының жеке ақпаратын сақтауды қамтамасыз ету, Пайдаланушының алдын ала жазбаша келісімінсіз оны жария етпеу, сондай-ақ Пайдаланушының берілген жеке деректерін сату, айырбастау, жариялау немесе өзге де тәсілдермен таратуға жол бермеу. Пайдаланушының жеке деректері тек Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер мен тәртіпке сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдарға берілуі мүмкін;
  • Іскерлік айналымда осындай ақпаратты қорғау үшін әдетте қолданылатын тәртіпке сәйкес Пайдаланушының жеке деректерінің құпиялылығын қорғау үшін сақтық шараларды қолдану;
  • Пайдаланушының өзі, оның заңды өкілі немесе жеке деректер субъектілерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті орган жүгінген жағдайда, жеке деректердің дұрыстығы тексерілген кезеңде, дұрыс емес деректер немесе заңсыз әрекеттер анықталған жағдайда, тиісті Пайдаланушыға қатысты жеке деректерді бұғаттауды жүзеге асыру.

5. Жеке деректерді алу тәсілдері. Жеке деректерді қорғау

5.1. Біз Жеке деректерді келесі тәсілдермен жинаймыз:

  • тікелей Пайдаланушыдан немесе оның уәкілетті өкілдерінен;
  • Пайдаланушының браузері немесе құрылғысы арқылы;
  • басқа дереккөздерден, оның ішінде, бірақ онымен шектелмей: мысалы, ашық қолжетімді дерекқорлардан; бірлескен маркетингтік және (немесе) қаржы-шаруашылық қызмет бойынша серіктестерден; бізбен немесе сізбен шарттық қатынастары бар банктерден, сақтандыру компанияларынан және (немесе) өзге қаржы ұйымдарынан; ұялы байланыс операторларынан; әлеуметтік платформалардан; пайдаланушылардың достарынан немесе әлеуметтік платформалар арқылы олармен байланысты өзге тұлғалардан, сондай-ақ басқа да үшінші тұлғалардан.

5.2. Біз Пайдаланушылардың жеке деректерін қорғау үшін барлық қажетті және жеткілікті ұйымдастырушылық әрі техникалық сақтық шараларды қолданамыз. "VM Premium Almaty" ЖШС құрылымына кіретін компанияларда тек жеке деректерге қол жеткізу талап етілетін қызметтік міндеттерді орындайтын қызметкерлер ғана Пайдаланушылар туралы ақпаратқа қол жеткізе алады.

5.3. Пайдаланушы жеке деректерін қауіпсіз сақтауға өзі салғырт қараған жағдайда, үшінші тұлғалар оларға рұқсатсыз қол жеткізуі мүмкін екенін мойындайды. "VM Premium Almaty" ЖШС құрылымына кіретін компаниялардың ешқайсысы мұндай қол жеткізу салдарынан келтірілген зиян мен шығындар (соның ішінде, жіберіп алынған пайда) үшін жауапты болмайды. Сандар мен әріптерден тұратын күрделі құпия сөздерді пайдалануды ұсынамыз.

5.4. Сізден қырағы болуды және жеке ақпаратыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қолдануды сұраймыз, соның ішінде интернет арқылы жасалатын алаяқтықтан және «фишингтен» қорғану шараларын қолдануды ұсынамыз.

6. Жеке деректерге қол жеткізу

6.1. Пайдаланушының жеке деректеріне "VM Premium Almaty" ЖШС (оның қызметкерлері атынан) қоса, келесі тұлғалар қол жеткізе алады:

  • «Астана-Моторс» мотор компаниясы» ЖШС-нің кез келген үлестес жеке және (немесе) заңды тұлғалары;
  • "VM Premium Almaty" ЖШС жүзеге асыратын тауарларды (автокөліктер, қосалқы бөлшектер, аксессуарлар және т.б.) өндірушілер (және олардың уәкілетті өкілдері);
  • осы Саясаттың 2-ші бөлімінде көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін үшінші тұлғалар. Мұндай тұлғаларға (онымен шектелмей) мыналар жатады:
  • банктер, сақтандыру компаниялары және өзге де қаржы ұйымдар;
  • бізге сайттарда, қосымшаларда, өнімдерде немесе өздеріне тиесілі сервистерде жарнаманы орналастыру және көрсету бойынша қызметтер ұсынатын сайттар мен қосымшалардың иелері;
  • жарнама берушілер және (немесе) жарнама таратушылар, байланыс операторлары және "VM Premium Almaty" ЖШС -мен шарттық қатынаста болатын өзге де компаниялар;
  • аудиторлар/аудиторлық ұйымдар.


6.2. Пайдаланушылардың жеке деректері сондай-ақ келесі жағдайларда берілуі мүмкін:

  • құқықтарды немесе міндеттемелерді беру, немесе тиісті келісім бойынша новация жасалған кезде үшінші тұлғаларға;
  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті сұрау салу негізінде ақпарат ұсынуға міндетті болатын кез келген қазақстандық және (немесе) халықаралық реттеуші органдарға, құқық қорғау органдарына, атқарушы билік органдарына, өзге де ресми немесе мемлекеттік органдарға немесе соттарға;
  • Сіздің жеке деректерді беруге берген келісіміңіз болған жағдайда немесе тауар ұсыну, қызмет көрсету, жұмыс орындау немесе Сізбен жасалған шартты орындау үшін мұндай беру қажет болған кезде үшінші тұлғаларға;
  • сіз Пайдаланушы келісімін, осы Саясатты немесе Сізбен жасалған шарт талаптарын бұзған жағдайда не мұндай бұзушылық қаупі болған кезде "VM Premium Almaty" ЖШС немесе үшінші тұлғалардың құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында кез келген үшінші тұлғаға.

7. Қорытынды ережелер

7.1. Біз Сіздің жеке ақпаратыңызды оны жинау мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті мерзім ішінде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын сақтау үшін қажет болған уақыт бойы сақтаймыз.

7.2. Құпиялылық саясаты үшінші тұлғалардың жеке деректер мен ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету рәсімдеріне, сондай-ақ үшінші тұлғалардың өзге де рәсімдеріне қолданылмайды, оның ішінде "VM Premium Almaty" ЖШС сайттарында сілтемелері орналастырылған сыртқы сайттардың қызметін қамтамасыз ететін тұлғаларға да қатысты емес. Біз сыртқы сайттардағы пайдаланушылардың ақпарат құпиялылығына жауапты емеспіз. "VM Premium Almaty" ЖШС сайттарында үшінші тұлғалардың сайттарына сілтемелердің болуы мұндай сайттарды немесе олардың мазмұнын біз немесе біздің үлестес тұлғалар мақұлдайды дегенді білдірмейді.

7.3. "VM Premium Almaty" ЖШС Facebook, Apple, Google, Microsoft сияқты және өзге де қосымша әзірлеушілердің, қосымша жеткізушілердің, әлеуметтік желі платформалары қызметтерін ұсынушылардың, операциялық жүйе жеткізушілердің, сымсыз байланыс қызметтерін ұсынушылардың және құрылғы өндірушілердің ақпаратты жинау, пайдалану және ашу саясатына (оның ішінде деректерді қорғау тәртібіне) жауапты болмайды. Бұған Пайдаланушылардың Қосымшалар немесе әлеуметтік желілердегі парақшаларымыз арқылы (немесе соларға байланысты) басқа ұйымдарға ашатын жеке деректері де кіреді.

7.4. https://changan-auto.kz сайтын және біздің мобильді қосымшамызды пайдалана отырып, Сіз Бізге өз құрылғыңызда cookie файлдарын орналастыруға, оларды сақтауға және қол жеткізуге, IP-мекен-жайларды пайдалануға, сондай-ақ веб-сайтты пайдалану тәжірибесін жақсарту мақсатында деректерді жинаудың өзге де әдістерін қолдануға келісім бересіз.

Жиналатын деректерге Сіздің веб-сайтты пайдалану туралы мәліметтеріңіз, браузеріңіз, қол жеткізген құрылғы түрі және орналасқан жеріңіз туралы ақпарат кіруі мүмкін.

https://changan-auto.kz сайтын пайдалану арқылы Сіз құрылғыңызға cookie файлдарының орналастырылуына келісім бересіз.

7.5. Сіз cookie файлдарын пайдалануға келісім бергеннен кейін, Біз келесі кіруіңізге дейін бұл келісімді есте сақтау үшін cookie файлын Сіздің компьютеріңізде немесе құрылғыңызда сақтаймыз. Сіздің келісіміңіз мерзімді түрде (және кез келген жағдайда 13 ай ішінде) аяқталады. Егер Сіз кез келген уақытта келісіміңізді кері қайтарып алғыңыз келсе, интернет-браузеріңіздің баптаулары арқылы cookie файлдарын жоюыңыз қажет.

Cookie файлдарын жою немесе бұғаттау туралы қосымша ақпарат алу үшін келесі сілтемеге өтіңіз: http://www.aboutcookies.org/Default.aspx?page=2.

7.6. "VM Premium Almaty" ЖШС осы Саясатқа Пайдаланушының келісімінсіз және оны хабардар етпей өзгерістер енгізуге құқылы. Пайдаланушы Саясаттың жаңартылған нұсқасымен танысу жауапкершілігін өзіне алады. Саясатқа енгізілген өзгерістер, егер жаңа редакцияда өзгеше көзделмесе, Сайтта орналастырылған сәттен бастап күшіне енеді.

7.7. 14 пен 18 жас аралығындағы Пайдаланушылар осы Құпиялылық саясатының шарттарымен ата-аналарымен немесе өзге де заңды өкілдерімен бірге танысып, оларды түсінуі тиіс. Біз пайдаланушылардың жасын анықтауға жауапты болмасақ та, тиісті тексерулер жүргізуіміз мүмкін. Егер біз жинаған ақпарат 14 жасқа толмаған тұлғадан оның ата-анасының келісімінсіз алынғанын анықтасақ, мұндай ақпаратты мүмкіндігінше қысқа мерзімде жоямыз және мұндай тұлғаға тиісті Сайтқа қол жеткізуге тыйым салуымыз мүмкін.

7.8. Осы Саясатқа және оны қолдануға байланысты Пайдаланушы мен "VM Premium Almaty" ЖШС арасындағы қатынастарға Қазақстан Республикасының құқығы қолданылады.

7.9. Пайдаланушылардың жеке деректерін жинау, өңдеу және сақтау кезінде "VM Premium Almaty" ЖШС Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңын басшылыққа алады.

7.10. Осы Саясатқа қатысты барлық сұрақтар, пікірлер мен ескертулер бойынша бізге хабарласуыңызды сұраймыз. Пайдаланушы бізге келесі туралы хабарлай алады:

• болашақта бізден өтініштер (хабарламалар) алғысы келмейтіні туралы;
• өзі туралы бізде қандай ақпарат бар екенін білгісі келетіні, бізде сақталған өзінің жеке деректерінің көшірмесін алу мүмкіндігі (осындай сұратылған ақпаратты ұсыну кезінде пошта шығындарын және ақпаратты іздеу мен өңдеуге жұмсалған жұмысты жабу үшін әкімшілік алым алынуы мүмкін).
• бізде сақталған оның Жеке деректері дәл емес, толық емес, ескірген немесе маңызды емес деп санайтыны туралы;
• кез келген саясатты бұзу туралы;

Осы Саясатқа байланысты барлық сұрақтар мен шағымдармен мына мекен-жайға хабарласуыңызды сұраймыз: Қазақстан Республикасы, 050060 / A15P2X8, Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Сүйінбай даңғ. 633, тел: 7007, e-mail: info-alm@changan-vmpremium.kz немесе https://changan-auto.kz сайтындағы кері байланыс нысаны бойынша. Біз әрбір шағым бойынша тергеу жүргіземіз және оны алғаннан кейін мүмкіндігінше қысқа мерзімде жауап береміз.

 

www.changan-vmpremiumalmaty.kz сайты cookie файлдарын пайдаланады. Осы сайтты пайдалана отырып, Сіз cookie файлдарын пайдалануға Саясат шарттарына сәйкес Сіздің дербес деректеріңізді өңдеуге келісім бересіз. Егер келіспесеңіз, браузердегі баптауларды өзгертіп, cookie файлдарын пайдаланудан бас тарта аласыз.